067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   Негізгі

Xабарландырулар

ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институты мәнерлеп өлең оқу жарысын сәтті өткізді

Конфуцзы итнститут оқушыларының оқу ынтасын арттыру және қызықты оқу процесі болу мақсатында, 18.11.2016 күні біздің институт мәнерлеп өлең оқу жарысын ұйымдастырды. Осы реткі шараға итститутымыздың Қазақстан тарапының директоры Бибіхадиша Жүрсінқызы мен 3 итнститут оқытушысы бағалау мен сыйлық таратуға қатысты.

Жарыс жоғарғы және төменгі деңгейлер бойынша өткізілді. Әр деңгейде 1 ерекше дәрежелі сыйлық , 1 бірінші дәрелелі сыйлық, 2 екінші дәрежелі сыйлық, 3 үшінші дәрежелі сыйлық таратылды. Жарыс барысында қатысушылар бар ынтасымен өздерін көрсетіп, сайысты қызу тартыс өткізді.

Екі сағаттай қызу тартыс сайыс нәтижесінде, жоғары деңгей қатысушысы Гүлдана  мен төменгі деңгей қатысушысы Сая ерекше дәрежелі сыйлық жеңінпайы атанды. Жарыс соңында марапаттау рәсімі мен естелік суретке түсті.

Осы реткі жарыста оқушылар қытай мәдениетін тағы бір рет сезініп, қытай тілінің көркемдігін сезінді. Көпшіліктің үйренуге деген ынтасын тағы бір мәрте арттырды.

 

ЕҰУ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦЗЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУ  МЕН HSK (ҚЫТАЙ ТІЛІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ) ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ  ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТОЛ ОТЫРЫСЫ

Конфуцзы институты қытай тілін оқуға жаңадан келген және оқып жүрген оқушыларға арнап, 2016 жылдың 20 қазаны күні “қытай тілін оқыту мен HSK (қытай тілі деңгейін анықтау) емтиханы туралы тәжірибе алмасу” дөңгелек үстол отырысын ұйымдастырды. Бұл жолғы іс-шараның мақсаты қытай тілін үйрену кезінде жолыққан мәселелерді шешу, оқуға қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар HSK емтиханыннан өту пайызын жоғарылату мен емтиханға дайындық нұсқаулары туралы мәлімет берді. Конфуцзы институтының қазақ және қытай тараптарының директорлары мен институт оқытушы, оқушылары осы іс-шараға белсенді қатысты.

 

Отырыс барысында 5 үздік студент өздерінің қалай оқитындары мен емтиханға дайындалу тәжірибелерімен бөлісті. Олар үшін қытай каллиграфиясын үйрену қиын болған, бұл мәсәлеге мұғалім қытай каллиграфиясының құрылымынан бастап үйрену керектігін айтып кеңес берді.

 

Қытай тарапынан арнайы Конфуцзы институтына оқытушылыққа келген Бай мұғалім HSK емтиханымен таныстырды. Емтихан қанша уақыт өтетінін, өту барысы және ережелер жайлы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Келген тыңдармандар қысқы ғана 2 сағат ішінде оқу мен емтихан туралы көптеген мағлұмат алды.

Осы жолғы тәжірибе алмасуға араналған дөңгелек үстол отырысы өз мәресіне сәтті жетті, оқушылар өз-өзін көрсетуге мүмкіндік алды және емтиханнан өту сенімділіктері артты. Сонымен қатар оқушы-оқытушы арасындағы достық қарым-қатынасы да артты. 

 

Еуразия Ұлттық университет жанындағы Конфуцзы институтының қазан айында өткен лекциялары кеңінен қолдау тапты

Дүкен Масымханұлы және Турсынхан Зекенұлы Қайыркеннің лекциялары өтті

    2016 жылдың 18 қазанында Еуразия Ұлттық университеті филология факультетінің қытай филологиясы кафедра меңгерушісі профессор Дүкен Мәсімханұлы барлық Конфуцзы институты тыңдаушылары мен оқытушылары үшін «Қытай тілі және қытай-қазақ қарым-қатынасы» атты дәріс жүргізді. Осы дәрісте профессор Дүкен Мәсімханұлы Конфуцзы институтының астанада құрылуы мен қытай тілін үйренудегі маңыздылықты айтып, Ол әлем халқын алып айтсақ, әрбір үшінші адам қытайша сөйлейді, сондықтан қытай тілін жақсы үйренулеріңді тілеймін деді. Сонымен қатар қытай тілін үйренудегі ең жақсы мұғалім қызығушылық, ал ең жақсы әдіс шыдамдылық екенін айтты.  

2016 жылдың 19 қазанында ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Тұрсынхан Зекенұлы Қайыркен «Таң дәуірі кезеңіндегі Қытайдың Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты дәріс өткізді. Ол дәріс барысында қазақ-қытай қарым-қатынасы байырғы мың жыл бұрын қалыптасқандығын, Тан билігі кезіндегі Шиуанзуңның жаздырған бітіктастағы мәтіні осыған дәлел бола алатындығын айтты. Қаншама ғасырдан бері қазақ-қытай қарым-қатынасы сан қилы кезеңдерден өтіп, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай елінің басшылары екі елдің қарым-қатынасын жаңа даму кезеңіне алып келгендігіне тоқталды.

Дәріс барысында профессорлар мен оқытушы, тыңдаушылар қызу қарым-қатынаста болып, қытай тілін оқыту мен үйренуге деген қызығушылықтарын білдіріп жатты. Дәріс мазмұны қызықты болғандықтан, тыңдаушылардың көңілінен шығып, ризашылығын білдірді. Тыңдаушылар дәріс аяқталған соң да кеткілері келмей, бұдан былай да осындай дәрістердің болуын қалады.

        Осы жолы ұйымдастырылған дәрістерге ЕҰУ мен Конфуцзы институтының жүздеген оқытушы, тыңдаушылары белсенді қатысып, екі ел халқының достық көпіріне айланды.

 

 

 

Конфуцзы Институты Күні 2014 жылдан бастау алады, бұл мерекелік күн Конфуцзы Институтының 10 жылдығына орай құрылған. Бұл күні әлемнің 100 ден аса еліндегі Конфуцзы Институттары әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп, халыққа үлкен мерекелік кеш сыйлайды.

2016 жылдың 26 қыркүйек күні ұйымдастырылған іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры Сомжүрек Б. Ж., Қытай Халық Республикасының Қазақстан республикасындағы елшілігінің баспасөз және қоғамдық дипломаттық басқармасының жауапты өкілдері, қазақ-қытай біріккен кәсіп орын өкілдері және қытай тілін оқытушы мұғалімдері мен  оқушылары қатысты.

Іс – шара басында Конфуцзы Институтының өткен бір жыл ішіндегі оқу процесі мен іс-шаралар жиынтығы қысқаша ролик ретінде көрсетілді, сонымен қатар Сиань шетел тілдер университетінің Конфуцзы Институтындағы оқушылырының құттықтау ролигі де көрсетілді. Институттың өткеніне тамаша шолу мен құттықтау ролигін көрген қонақтар қол шапалақтады.  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры Б.Ж.Сомжүрек мырза бұл жолғы іс-шараға өз ризашылығын білдіріп, институттың қытай тілін оқыту мен екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол ЕҰУ жанындағы Конфуций инстутына қолдау көрсететіндігін білдірді. ҚХР елшілігінің бас елші Жан Ханхуйдің Конфуцзы күніне арнаған құттықтау сөзін халықтық дипломатия бөлімінің меңгерушісі Ли Гуан жеткізіп, барлық институт оқушы-мұғалімдеріне алғысын айтты. Ли Гуан оқушыларға қытай тілін жақсы үйреніп, екі ел арасындағы байланыс көпірі болуды айтып, ҚХР елшілігі институтқа бұдан былай да қолдау көрсететінін жеткізді. Қытай іскерлік өкілдері – Пекин Паластың басқару менеджері Сяо Гуйпинь мен Пекин Янь Гуан плазасының бас менеджері де құттықтау сөздерін жеткізді, олар Конфуций инстутының қытай тілін білетін мамандар даярлауда маңызды рөл атқаратынын айтты, және жақсы үйреніп шыққан студенттерді жұмысқа қабылдайтындарын жеткізді.    

Құттықтау іс-шарасында институт оқушылары өнерлерін көрсетті. Қытайдың дәстүрлі киімін киіп, желпуіш биін билегенде адамды тыныш әрі еркін егін алқабында жүргендей сезімге бөледі. Ал қазақтың домбрасымен күй шерткенде, жәйлаудағы бәйге аттың шабысы мен бұлақтан аққан судың сылдыры естілді, қазақ дәстүрлі музыкалық аспаптарының әсерлілігін көрсетті. Гитарамен бүгінгі түннің қастерлігіәнін айтып, көрерменді музыкаға балқытты, қытай тілінде ән салған институт оқушысының қытайша дыбыстау негізі жақсы екендігі байқалды.     

Бұл жолғы іс-шараның маңызды мазмұны Конфуцзы ашық есік күнімен байланысты болды. Бұл күні қытай тілін оқыту ашық сабағымен басталды, ҚХР Конфуцзы институтынан арнайы жіберген Бай Сюе мұғалім осы ашық сабақты ерекше етіп жүргізді, ол сабақты көңілді, қызықты, түсінікті және әрбір оқушыны сабаққа қатыстыра өткізді. Сабақ өте тамаша өтті. Сабақтан соң институттың қытай тарапы директоры Дең Иң ҚХР Ханбанның негізгі жобаларымен таныстырды (оқу гранты, жазғы лагер, қытай тілі көпірі жобасы), оқушылар бұны өте жоғары қызығушылықпен қабылдады. Осы жолғы таныстырудан кейін оқушылар көп деген мүмкіндіктің бар екенін білді және бұл олардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.  Халықаралық Конфуцзы күні өте қызықты өтті.

 

Конфуцзы Институты Қытайда оқуға арналған стипендиялар иегерлерін құттықтайды және оқуда сәттілік тілейді!
Тілдік курстар:
1. Матайбаева Айгерім   
2. Мағжан Райлым
3. Толбасы Мөлдір
4. Успанова Айжан
5. Құралова Балауса
6. Отарбаева Майра

 

Конфуцзы институтының ұйымдастыруымен 8 шілде күні Конфуцзы институтының 17 тыңдармандарынан құралған топ Қытайдың Сиань қаласынағы Сиань шет тілдер университетіне жазғы тағылымдамадан өтуге жол тартты. 14 күннен тұратын тағылымдама Қытай тілі сабағы, қытай мәдениеті жөніндегі лекциялар, каллиграфия және Тайцзи сияқты түрлі сабақтардан құралған тартымды курс болды.

Толығырақ...
 

2015 жылдың 9 сәуірінде Еуразия ұлттық университетінің ғылыми зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры А.А. Талтенов төрағалығымен Конфуцзы институты Директорлар кеңесінің кезекті 8-ші отырысы өтті. Отырысқа ЕҰУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Сиань шет тілдер университетінің (СШТУ) ректоры Лю Юелянь ханымның  жетекшілігімен Сиань шет тілдер университеті Орыс тілі факультеті деканы Джау Хун, Сиань шет тілдер университетіндегі  Конфуцзы институты басқармасының бастығы У Юнчжиден құралған делегация қатысты.

Толығырақ...
 

19 марта 2015г. в Институте Конфуция прошел праздничный концерт, посвященный Наурыз мейрамы. В нем приняли участие представители Посольства КНР в РК, преподаватели ЕНУ и студенты института Конфуция.

Толығырақ...
 

28 Ноября 2014

Впервые 28 ноября 2014 года в Евразийском национальном университете им. Л.Н. Гумилева прошел Международный фестиваль чая, организованный Институтом Конфуция при ЕНУ им. Л.Н. Гумилева совместно с культурными центрами Посольств Индии, Республики Корея и Турции.

Толығырақ...
 

«Қытай тілі көпірі» Республикалық байқауы еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында салтанатты түрде өтті. ҚХР ның ҚР дағы бас консулы Ду Дэвэнь ханым, ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің дипломаттары, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы және синолог-ғалымдар қатысты.
ҚХР ның ҚР дағы бас консулы Ду Дэвэнь ханым өз сөзінде: «Қытай тілі көпірі» 2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын әрі қазіргі уақытқа дейін әлемнің 70 елінде өтетінін айтып өтті. Осы байқау әлемдегі Қытай тілін үйренушілерге өз білімін және өнерін көрсететін үлкен сахна болып қалыптасқанын айтып өтті. «Қытай тілі көпірі» Қазақстанның басқа қалаларында өтіп, Қытай тілін үйренушілерге тіпті де көп мүмкіндік жаратуына сәттілік тіледі.

Толығырақ...
 

Наурыз айының 18 жұлдызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтында Наурыз мейрамы өтті. Мәдени іс-шараға институт тыңдармандары, университет оқытушылары мен оқушылары қатысты.
Наурыз қазақ елі үшін маңызды мейрамдардың бірі. Ол Жаңа жылдың басы. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Наурыз көже пісіріп, шай- бауырсағын дастарғанға жайып, алты бақан теуіп, домбыра шертіп отыратын кез.

Толығырақ...
 

6 наурыз күні, Конфуцзы Институтында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Кешке Конфуцзы Институтының оқытушылары және тыңдармандары қатысты.
Мерекелік кеш шымылдығы институтымыздың ұлдарының атынан орындалған құттықтау биімен ашылып, қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мерекелік құттықтаулармен жалғасын тапты.

Толығырақ...
 

2013 жылы 20 желтоқсан күні ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының 7 жылдығына және 2014 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізді. Кешке ҚХР-ның ҚР-дағы мекемелер және компаниялардың өкілдері, Еуразия ұлттық университетінің ректор аппаратының жетекшісі Д. Айтмағамбетов және факультет декандары қатысты.
Бейжің сарайы- Янгуан қонақ үйінің директоры Ван Вэйдон мырза сөз сөйледі. Ол Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институты Қазақстан Республикасында тұңғыш құрылған институт, жеті жылдан бері Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы достық қарым- қатынасты нығайту мақсатында белсенді жұмыстар атқарып келгендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Астана қаласындағы Қытай тілін үйренушілерді біліммен сусындатып, оларды Қытай мәдениетімен таныстырды деп айта келіп, Конфуцзы Институтының қызметтеріне оң бағасын берді, және де Конфуцзы Институтының өз жұмыс орындарына, ҚХР-дың ҚР-дағы Елшілігіне және Қытай компанияларына білікті аудармашылар дайындап бергендігі үшін алғысын білдірді.

Толығырақ...
 

2013 жылы 1 қараша күні, Жас хаткер Яо Синрэнь ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының ұстаздары мен тыңдармандарына каллиграфиядан дәріс оқыды.

Толығырақ...
 

2013 жылы 19 қазан күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдарманы Мұхитжан Аделаида Кунминь (ҚХР)  қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті VI Халықаралық байқауына қатысты.

Толығырақ...
 

2013 жылы 7 тамыз күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдармандары Сиань қаласында (ҚХР) Сиань шет тілдер университеті ұйымдастырған жазғы тағылымдамадан өтті.

Толығырақ...
 

2013 жылдың 29 мамырында Конфуцзы Институтының Қазақстан жағынан директоры Кошанова Сауле және Қытай жығынан директор
Ли Сичан Азиядағы КонфуцзыИнституттарының 2013 жылғы конференциясына қатысты.

Толығырақ...
 

2013 жылы 27 сәуірде, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті VI Республикалық байқауы мен студенттер арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті ХІІ Республикалық байқауы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

Толығырақ...
 

2013 жылдың 1-22 сәуірі аралығында ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының аудармашысы Токтарбек Қания Шығыс-Қытай педагогикалық университеті ұйымдастырған қытай тілі оқытушыларға арналған семинарға қатысып келді.

Толығырақ...
 

2012 жылы 14 қазан күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдармандары Тлеубаева Камила және Куспакова Галия Кунминь (ҚХР) қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті V Халықаралық байқауына қатысты. Тлеубаева Камила «Көрермендер көзайымы» атағына ие болды.

Толығырақ...
 

2012 жылы шілде айында Конфуцзы Институтының тыңдармандары Жунусов Бекежан және Нуритдинов Касен Шанхай университеті ұйымдастырған жазғы тағылымдамадан өтті.

Толығырақ...
 

2012 жылы 2 шілде күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдарманы Хафизова Гулім Чанша (ҚХР) қаласында өткен студенттер арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті ХІІ Халықаралық байқауына қатысты.

Толығырақ...
 

2012 жылы 28 сәуірде, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті V Республикалық байқауы мен студенттер арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті ХІ Республикалық байқауы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

Толығырақ...
 

2012 жылдың 16 наурызында Конфуцзы Институтында кезекті ІV Қытай тілі мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Толығырақ...
 

2011 жылы 14 қазан күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдармандары Аксанбаева Динара, Букенбаева Айдана және Беркімбаева Акмарал Чунчинь қаласында (ҚХР ) өткен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті ІV Халықаралық байқауына қатысты.

Толығырақ...
 

2011 жылы 19 шілде күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдармандары Сиань қаласында (ҚХР) Сиань шет тілдер университеті ұйымдастырған жазғы тағылымдамадан өтті.

Толығырақ...
 

2011 жылы 7 шілде күні, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдарманы Аутелеева Лаура Чанша (ҚХР) қаласында өткен студенттер арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті Х Халықаралық байқауына қатысты.

Толығырақ...
 

2010 жылы қазан айында, ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдарманы Сагындыкова Фариза Чунчинь (ҚХР) қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» кезекті ІІІ Халықаралық байқауына қатысты.

Толығырақ...