067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЖиі қойылатын сұрақтар
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 16 Шілде 2014 Қаралды: 52026
Басып шығару

1. КИ курстарына қалай жазылуға болады?
КИ курстарына жазылу үшін сайттың «Оқу бағдарламалары» (Тыңдармандардың тіркелуі) бөліміне кіріп, анкетаны толтыру қажет немесе мына телефонға хабарласыңыз: 8 (7172) 49-09-78.
2. КИ сабақтары қай уақыттарда болады?
Сабақтар тыңдармандардың қалауын ескере отырып құрылған кесте бойынша жүргізіледі. Сабақ кестесі ұйымдастырушылық жиналыс шешімімен қабылданады. Сабақ кестесінің құрылуына қатыса алмаған тыңдармандар қабылданған сабақ кесетесі бойынша оқытылады.
3. КИ-да қандай оқулықтармен сабақ жүргізіледі?
Қытай тілінің бастапқы және орта деңгейлік негізгі курстары орыс тіліне баламаланған «Қытай тілінің жаңа практикалық курсы» (新实用汉语课本) оқу-әдістемелік құралымен оқытылады. Оқулық кешендік оқу-әдістемелік құралы болып табылады,оның құрамына оқулықтың өзі, тыңдарманның жұмыс дәптері, аудио және видео курстар кіреді. «Қытай тілінің жаңа практикалық курсы» оқулығы анайы іріктелген лексикасы, терең зерттелген сабақтары, сондай-ақ тапсырмаларының әр-алуандығы мен нақты грамматикалық түсіндірмелері арқылы ерекшеленеді.
4. КИ-ді аяқтағаннан кейін сертификат беріле ме?
Курсты аяқтағаннан кейін оқылған сағат саны мен емтихан қорытындылары көрсетілгн сертификат ұсынылады.
5. КИ-дің оқытушылар құрамы қандай?
КИ-да Сиань шет тілдер университетінен келген кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар сабақ береді.