067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай туралыКонфуцзыКітаптар
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 9683
Басып шығару

«Төрткітаптылық» Цинь династиясының ерте дәуірінде болған еді. Алайда сол кездері ол басқа атауға ие болды. Осы басты төрт кітаптың қатарына Конфуцзыдан басқа «Луньюй», «Мэньцзы», «Дасюй» және «Чжунюй» кіреді. «Мэньцзы» - ол басқа ұлы конфуциандық ғұлама - Мэнь Кэ сөздерінің жазбалары. Онда ғұламаның саясат пен идеологияға қатысты ойлары көрініс тапты. Ал «Дасюй» және «Чжунюй» ең алдымен, қалайша ғұлама куйеу болуға және қалайша өзіңді тәрбиелеуге болатыны туралы баяндалған. Оңтүстік Сун кезеңінде атақты ғалым Чжу Си осы екі бөлімді жеке кітаптарға бөліп алып, жоғарыда аталған «Луньюй» мен «Мэньцзы» кітаптарын қоса алғанда нәтижесінде осылайша «Төрткітаптылық» пайда болды. Бұл – конфуциандықтың классикасы. «Төрткітаптылық» әрбір оқушының үстелдік кітабына айналды, оқыту әрқашан осы негізден басталды.
«Бескітаптылық» келесі кітаптарды қамтиды: «Өзгерістер кітабы (Ицзинь)», «Шаньшу», «Әндер кітабы», «Чжацзи» және «Чунцю».
Минь династиясы кезінде шенді алудың барлық мемлекеттік емтихандарында «Төрткітаптылық» және «Бескітаптылықпен» байланысты сұрақтар қойылатын. Олардың жауап формалары канондалған еді, емтиханданушылар жауап беру кезінде міндетті түрде Чжу Сидің түсіндірмелеріне жүгінетін. Сондықта да білімді адам үшін «Төрткітаптылық» пен «Бескітаптылық» ең басты оқу құралы болатын. Осы кітаптар негізінде адамдардың менталитеттері қалыптасты, олардың ойлау бейнелеріне конфуциандықтың моралі мен идеологиясы сіңетін. Осы екі жинақ – қытайлықтарға ежелгі кезден қалған асыл мұра. Осы кітаптарда жазылғанның барлығы күні бүгінге дейін Қытайға әсер етуде.