067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай туралыКонфуцзыҚанатты сөздер
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 18257
Басып шығару

Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.
***
Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз.
***
Кек алуға кірісіп жатсаң, екі қабір қазып, дайындай бер.
***
Өмір өте қарапайым нәрсе, оны күрделендіретін өзіміз.
***
Жетілген кісі деп әділдікті өз пайдасына жөңдірмейтін, қиын кезде өзін қиюға аянбайтын, бірақ ұзақ қиыншылықтың өзінде мойымайтын, уәдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба?
***
Өзімізге қалайтын нәрсені, басқаларға да тілейік. Бұдан асқан адаигершілік жоқ.
***
Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи ізгі бола бермейді.
***
Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бәрі адамгершіл емес.
***
Жақсылыққа жақсылық қыл, зұлымдыққа әділеттілікпен жауап бер.
***
Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, зұлымдыққа ақжүректілікпен жауап қат.
***
Қоғамды біріктіріп ұстап тұрған нәрсе – адамдардың бір-бірін ойлап, қамқор болуы.
***
Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады.
***
Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбейтіндігін айтады, ақылды адам өзгені түсіне алмай жүргенін айтады.
***
Ойыңның тазалығына жұмыс істе, сонда ісің де таза болады.
***
Дайындығы жоқ адамды соғысқа аттандыру сатқындықмен тең.
***
Жұрттың мені түсінбейтіндішіне қайғырмаймын, өзім жұртты танымай жүргеніме қапаланамын.
***
Білімді кісі тоқ және жайлы өмір көксемейді.
***
Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды.
***
Өмірде әйелдермен және төмен адамдармен дұрыс қатынас қалыптастыру қиын. Жақындап кетсеңіз – жабысып алады, алыстасаңыз – көрмей кетеді.
***
Оқуды тәжірибесіз жүргізу нәтижесіз болуы ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу- қауіпті.
***
Өмірдің не екенін түсіне алмай, өлімнің не екенін қалай түсінбекпіз?
***
Сені түсінсе – бұл бақыт, сені сүйсе – бұл үлкен бақыт, ал сен өзің сүйсең – бұл нағыз бақыт.
***
«Адамдар үшін адал қызмет алдым ба? Мінез- құлқымжұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?» деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.
***
Күші жетпегендер бастаған ісін орта жолда тастап кетеді, бастамағандарды қайтеміз?
***
Жақсы адам парызын ойлайды,
Жаман адам пайдасын ойлайды.
***
Мемлекет дегеніміз – үлкен отбасы,
ал отбасы дегеніміз – шағын мемлекет.
***
Егер ел саналы түрде басқарылса – кедей болып, мұқтаждық көру ұят;
Егер мемлекет ақылсыз басқарылып жатса – бай болып, сый-құрметке бөлену ұят.
***
Бұрын адамдар өзін-өзі жетілдіру үшін оқитын,
Ал бүгінде басқаларды таңғалдыру үшін оқитын болды.
***
Ақылды адам өзіне қаламағанды өзгеге жасамайды.
***
Білімге үш жол алып барады:
1) ойлану, оқу жолы – бұл ең парасатты жол;
2) еліктеу, ұқсау жолы – бұл ең оңай жол;
3) басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы – ең ащы жол.
***
Кісілігі мол пенде ғана адамды сүйе біледі һәм одан жирене біледі.
***
Әркімнің оғаштығы – жан құмарына қатысты. Кісінің қателігіне қара – кісілігін танисың.
***
Тікелей қатынасың болмаса, басқаның ісіне қол сұқпа.