067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай туралыҚытай туралы қысқаша мәлімет
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 18708
Басып шығару

Астанасы

Бейжін

Мемлекеттік туы

 

Бес жұлдызды қызыл ту. Оның ені мен ұзындығының қатынасы-3:2.

Мемлекеттік әнұран

Қозғал, құл болғысы келмеген жан!

Жан тәнімізбен соғайық ұлы қорған.

Жұңхуа ұлтына төнді, қауіпті ауыр күн.

Барша жұрттан көретілді ең қахарлы үн.

Қозғал қозғал қозғал, бір ниеттен жаппай, жау оғынан қайтпай алға, жау оғынан қайтпай алға, алға бас.

ҚХР-құрылған күн

 1949 жылдың 1 қазаны

ҚХР-ның Төрағасы

 

Си Цзиньпин

ҚХР-ның Мемлекеттік Кеңес Премьері

 

Ли Кэцян

Жоғарғы заң шығарушы орган

Ұлт өкілдерінің жалпықытайлық жиналысы

Географиялық орналасуы

ҚХР шығыс жартышарында, Азияның шығыс бөлігінде, Тынық мұхитының батыс жағалауында орналасқан.

ҚХР территориясы

9,6 млн. шаршы км, территориясы жағынан Ресей мен Канададан кейін әлемде 3-орында.

Ірі қалалары

Шанхай, Бейжін, Тяньзинь, Цуньцынь

Ақша бірлігі

Жэньминьби

Салмақ пен өлшем жүйесі

Метрлік санау жүйесі

Рельеф

 

Рельеф биіктігі теңіз деңгейінен шығыстан батысқа қарай көтеріліп жатыр; таулар мемлекеттің жалпы территориясының 33,3%-ын құрайды; Биік таулар – 26%, жазық алқаптар мен ойпаттар – 18,8%, Тегістіктер – 12%, Белесті аймақтар – 9,9%.

Аралдар

ҚХР территориялық суларында 5400 арал бар. Олардың арасындағы ең үлкені -Тайвань ( 36 мың шаршы км ), үлкендігі бойынша екінші арал - Хайнань ( 34 мың шаршы км ).

Таулы үстірттер

 

Әлемде теңіз биіктігінен 7000 м асатын  жалпы 19 таулы биітіктер бар. Олардың 7-еуі ҚХР территориясында немесе оның мемлекеттік шекарасында орналасқан. «Әлем төбесі» деп аталалытын Цинхай-Тибет таулы қыратта көптеген биік таулы үстірттер бар. Гималайдың биіктігі шамамен теңіз деңгейінен 6000 м биіктікті құраса, Джомолунгма тауы теңіз деңгейінен 8844,43 м биіктікте орналасып, әлемдегі ең биік тау болып саналады.

Қытайдың ірі өзендері

 

6300 км ұзындығы бар Янцзы өзені әлемде Ніл мен Амазонкадан кейін үшінші ұзын өзен. Хуанхэ Қытайдың екінші ұзын өзені болып табылады. Оның ұзындығы 5464 км.

Ірі шатқалдар

 Ұзындығы  504,6 км және тереңдігі 6009 м Цинхай-Тибет таулы қыратындағы Цангпо (Ялуцзанбуцзян) аңғары әлемдегі ең ірі аңғар болып табылады.

Көлдер

 

Янцзы өзенінің төменіндегі жазықтықта орналасқан ,ауданы 3583 шаршы км болып табылатын Поянху өзені Қытайдағы ең үлкен тұшы көл, ал ауданы 4583 шаршы км Циньхай көлі ең үлкен ащы көл болып табылады.

Климат

Қытай аймақтарының басым бөлігі бірқалыпты субтропиктік климаттық белдеуде, ал оңтүстіктегі аймақтардың бөлігі тропикалық белдеуде орналасса, ал солтүстік аймақтар суық белдеумен шектеседі.

Фауна

 

Қытайда омыртқалылардың 2070 тен астам түрі бар, ол бүкіл әлемдік омыртқалылардың 9,8% ын құрайды. Соның ішінде 1170түрден аса құстар, 400 ге тарта аңдар және 184 қос мекенділер бар. Олар жер шарындағы осы тектес жануарлардың 13,5%, 11,3% және 7,3% құрайды.

 

Флора

Қытайда солтүстік жартышардың суық, бірқалыпты және тропиктік климаттық белдеулеріне тән өсімдіктердің барлық дерлік түрлерін кездестіруге болады, тек жоғары өсімдіктердің ғана 24600-ден астам түрлері бар.

Тұрғындар

2010жылдың мәліметтері бойынша жалпы халық саны 1,370,536,875 адамды құрайды.

Ұлттар

ҚХР-да 56 ұлт бар. Жалпы саны 1,225 млрд. адамды құрайтын Хань ұлты 31 провинция, автономды аймақтар мен орталыққа бағынышты қалаларды және әскери қызметтегілерді қоса алғанда жалпы халық санының 91,51%-ын құрайды. Қалған 55 ұлт – 113,792  млрд. адам немесе 8,49% халық.

Тілдер мен жазулар

Қытай тілін қолданатын маньжурлар мен хуэйлерден басқа қалған 53 ұлттың өз тілдері бар. Олардың 21-де өз жазуы қалыптасқан. Жалпы жазудың 27 түрі қолданылады.

Мейрамдар

ҚХР-ның мемлекеттік мейрамдары:

Жаңа жыл (1 қаңтар);

Көктем мерекесі (ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл);

Халықаралық еңбек күні (1 мамыр);

Цинмин мейрамы (Қайтыс болғандарды еске алу күні, ай күнтізбесі бойынша 5 cәуір);

Дуаньу мерекесі (ай күнтізбесі бойынша 5 мамыр); Күз ортасы мейрамы (ай күнтізбесі бойынша 15 тамыз);

Ұлттық мейрам  – ҚХР құрылған күні (1 қазан).