067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіӘріптестікХаньбань
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 5232
Басып шығару

Ханьбань – Қытай Халық Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы қытай тілінің таралуы жөніндегі мемелекеттік кеңесі. Ханьбань шет елдерде Қытай тілін және мәдениетін үйретуде оқу құралдарымен қамтамасыз етеді және мәдениетте плюрализмнің дамуына жәрдемдеседі. Ханьбань шетелдегі жоғары және орта білім орындарымен қарым-қатынаста болып, Конфуцзы Институтын құрып, шетелдіктердің Қытай тіліне сұранысын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайды. Шетелдегі Конфуцзы Институттарына, жоғары және орта білімді оқу орындарына қытай тілі оқытушылары және волонтерларын жұмысқа жібереді. Қытай тілінің әр түрлі емтихандарын ұйымдастырады. Конфуцзы Институттарына басшылық етеді.
Ханьбань қызметтері:
1. Қытай тілі бойынша Халықаралық Кеңес басшылығымен халықаралық аренада қытай тілін дамыту жоспарын және саясатын құру;
2. Әр түрлі мемлекеттерде әр түрлі деңгей, типтегі білім беретін институттарда қытай тілін үйрету программаларға қолдау көрсету.
3. Конфуцзы Институттарын құру және басқару;
4. Қытай тілін шет тілі ретінде оку критерияларын орнату және сәйкес бағаға кепіл беру, қытай тілін үйренуде материалдарды дамыту және ілгері бастыру;
5. Қытай тілін шет тілі ретінде үйрететін мұғалімдерге сертификациялау стандарттарын орнату және сәйкес тренингтер өткізу, қытай тілі бойынша емтихандар өткізу;
6. Қытай тілінің дистанциялық оқыту жүйесін құру және оны материалдармен толықтыру;
7. Қытай тілінің әр түрлі бағыттағы емтихандарын ұйымдастыру;

WWW.HANBAN.ORG