067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

You are here:   HomeNewsЕҰУ жанындағы Конфуцзы институты жаңа жылдық кешті сәтті өткізді

ENU CI

 

Archive

<< < November 2017 > >>
Mo Tu We Th Fr Sa Su
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

hanyuqiao.gif

kaoshi.gif

cio.gif

everyday chinese

bkrs

 

ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институты жаңа жылдық кешті сәтті өткізді

2016 жылдың 14 желтоқсан күні ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институты жаңа жылдық кешін өткізді., Кешке институтымыздың Қазақстан тарапының директоры Бибіхадиша Жүрсінқызы, оқытушылар мен студенттері қатысты.





Кешті институтымыздың Қазақстан тарапының директоры Бибіхадиша Жүрсінқызы бастап, ескі жыл өтіп, жаңа жыл басталайын деп тұрғандығын, осы сәт тыңдаушылардың өз өнерлері мен осы жылы үйренгендерін көрсетуге мүмкіндік беретіндігін айтты. Өтіп бара жатқан жылда институтымыздың жасаған іс-шаралары екі елдің арасындағы ынтымықтастықты нығайтуға ықпал еткендігін, алдағы жылы да институтымыз дами беретініне сенімді екенін білдірді.

Кеш екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім концерт, екінші бөлім кешкі ас. Бірінші бөлімде тыңдаушылар әртүрлі өнерлерін көрсетіп, көрерменді қуантты. Біреулер қытайша әзіл айтса, біреулер қытайша ән шырқады, әрине қазақтың домбрасы да шырқалды. Әсем ән мен тәтті күйдің ырғағымен бірінші бөлім аяқталды.

Екінші бөлімде қытай қазақ тағамдарынан дәм тату болды, қытайдың ұлттық тағамдарын институт оқытушылары өз қолдарымен жасап алып келді, қазақтың ұлттық тағамын оқушылар дайындады. Екі елдің тағамынан жасалған дастархан барлық қатысушының көңілінен шықты. Осымен жаңа жылдық кешіміз өте қызықты өтіп, өз мәресіне жетті.