067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЕҰУ- дегі КИЖоба тарихы
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 25 Маусым 2014 Қаралды: 4655
Басып шығару

Конфуцзы Институттар жүйесін құру, оны дамыту білім және мәдени-ағартушылық салаларындағы XXI ғасырдың аса маңызды дүниежүзілік жобаларының бірі болып табылады. Бұл жоба мәдени қарым-қатынастарға үлкен мән берілетін мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың ашықтығы мен үйлесімділігін қалыптастыру саясатын жүзеге асырады. Аталмыш жоба “қытай тілінің шетелдерде таралуы жөніндегі Қытай мемлекеттік Кеңсесімен” (Ханьбань) жүзеге асырылуда. Ханьбань 1987 жылы Қытай орталық Үкіметі деңгейінде құрылып, Қытайдың дәстүрлі мәдени жетістіктері мен қытай тілінінің бүкіл әлемге таралуын қамтамасыз етуде.
Жоғарыда аталған жобаға үйлесімді мемлекет құруда мінсіз адам тәрбиесінің маңызы жөнінде әлеуметтік-этникалық ілімді қалыптастырған көнеқытай философы, ұстаз, әрі ұлы ойшыл Конфуцзы (551-479 жж.б.д.д) есіміаберілген.
«Конфуцзы Институты» жобасы адам баласының мәдени прогреске жетуіне жердемдесуді басты бағыт ретінде алып отыр. Бұл жоба қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар негізінде ғаламшардың көне өркениеті Қытайдың жетістіктері мен тілін үйренуге жол ашады.
Қазіргі таңда Қытайдың аймақтық мемлекеттен әлемнің ықпалды еліне айналуы дүниежүзі мемлекеттері арасында қытай тілі мен оның мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруда. Бүгінгі күні Қытай тілін шет тілі ретінде үйреніп жатқан адамдар саны 30 милионан асады. Қытай тілі әлемнің 100-ге жуық елдерінің 2500 асатын жоғары оқу орындарында оқытылады. Қытай халқының философиясы, медицинасы және ондағы тәжірибесі, аспаздығы мен басқа да мәдени жетістіктері қызығушылар арасында үлкен сұранысқа ие.
Қытайдан тыс шетелдердің жоғары оқу орындары жанында Конфуцзы институттарын ашу білім беру жобасын жүзеге асырудың басты формасы болып табылады. «Конфуцзы Институты» жобасы осымен он жылдың көлемінде жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында ол қанатын кең жайып, әлемдік қауымдастық пен қалың халық арасында үлкен сұранысқа ие білім және мәдени-ағартушылық бағдарламаға айналды.