067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЕҰУ- дегі КИМақсаты мен қызметі
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 25 Маусым 2014 Қаралды: 13966
Басып шығару

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институты (ЕҰУ КИ) – қытай тілін және мәдениетін оқытатын мәдени-білім алу орталығы болып табылады.
ЕҰУ КИ-нің мақсаты Қазақстан мен Қытай арасында мәдениет, тіл, экономика және Қытайдың әлеуметтік өмірі туралы ақпарат тарату арқылы достық қарым-қатынасты және өзара түсінушілікті нығайтуға бағытталған. Конфуцзы Институты қызметінің маңызды аспектілері қытай тілі және мәдениет курстарын өткізуі, қытай тілі бойынша тест жүргізу, Қытайда сынақ мерзімін және түрлі конкурстарды өткізу болып табылады.
КИ қызметтері:
1. Әр түрлі бағыттардағы қытай тіл курстарын ашылуы;
2. Қазақстан Республикасында қытай тілін үйрету мәселелері бойынша кеңестер жүргізу және қытай тілін үйрететін жергілікті оқытушыларды дайындауда көмек көрсету;
3. Қытай тілі және мәдениетне қызығушылық танытқан адамдарды материалдармен қамтамасыз ету. Қытай тілі бойынша жергілікті қолданбалы оқулықтарды бірігіп дайындау;
4. Қытай тілі мен мәдениетімен байланысты ғылыми іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастыру;
5. Қызығушылық танытушыларға қытай тіліндегі кинолар мен тележобаларды таныстыру;
6. Қытай тілі бойынша әр түрлі емтихандарды өткізу және қытай тілін шет тілі ретінде оқыту құқығын куәландыру;
7. Қытай жоғарғы оқу орындарымен бірігіп Қытай мәдениетіне байланысты мамандықтар ашу;
8. Қытайға оқуға баратындарға консультациялық көмек көрсету;
9. Жергілікті тыңдармандардың қытай тілін дамыту;