067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЕҰУ- дегі КИЕҰУ- дегі КИ ТарихыМаңызды іс-шаралар
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 25 Маусым 2014 Қаралды: 12537
Басып шығару

2013 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Ханьбан Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтына тексеріспен келді.

important 4

important 5

2012 жылдың 28 желтоқсанында Шанхай университетінің делегациясы Еуразия ұлттық университетіне сапармен келді.

important 7

2012 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР-дағы ҚХР-ның Төтенше және өкілетті Елшісі Чжоу Ли Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыды.

important 8

2012 жылдың 29 сәуірінде ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институты қытай тілі оқытушыларының алғашқы семинарын ұйымдастырды.

important 9

2012 жылдың 17 ақпанда Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институты Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың жиырма жылдығын және Конфуцзы Институтының құрылуының бес жылдығын атап өтті.

important 10

2012 жылдың 12 желтоқсанында Конфуцзы Институтының Қазақстан жағынан директоры Қошанова Сауле және Қытай жағынан директоры Ли Сычан Конфуцзы Институттарының алтыншы конференциясына қатысып келді.

important 11

important 12

2011 жылдың 3 шілдесінде Конфуцзы Институты тұңғыш рет «Біз Қытай туралы не білеміз?» атты Республикалық конкурсын өткізді.

important 13

2010 жылдың 13 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы Пекинде өткен бесінші Конфуцзы Институттарының конференциясына қатысып келді. Делегация құрамында: Еуразия ұлттық университетінің ректоры Әбдіраиым Бақытжан, Конфуцзы Институтының директоры Қошанова Сауле, Шығыстану факультетінің профессоры Мәсімханұлы Дүкен.

important 14

2010 жылдың 10 қарашасында НПКСК Ұлттық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинь Еуразия ұлттық университетіне келіп, «Жақсы көршілер, достар және әріптестер» тақырыбында сөз сөйледі.

important 15

important 16

2009 жылдың 12 желтоқсанында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Абдираим Бахытжан және Конфуцзы Институтының директоры Джанг Лина Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао мырзаның сапармен келуіне байланысты ұйымдастырған қарсы алу кешіне қатысты. Екі мемлекет басшылары Конфуцзы Институтына екі елдің дәстүр, тарих, мәдениет, музыка және басқа да салаларын сипаттайтын бірнеше кітаптар сыйлады.

important 17

2008 жылдың қыркүйек айында Қытай Халық Республикасының Білім Министрі Чжоу Цзи Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтына сапармен келді.

important 18

2007 жылдың 5 желтоқсанында Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтының ашылу салтанатын өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джанг Сиюнь мырза және Қазақстан мен Қытай Үкіметтері қатысты.

important 20

2006 жылдың 20 желтоқсанында Ханьбан мен Қазақстан жағынан Еуразия ұлттық университеті Конфуцзы Институтын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, ал Сиань шет тілдер университеті Қытай тарапынан атқарушы орган болды. 2006 жылдың тамыз айында Сиань шет тілдер университеті мен Еуразия ұлттық университеті Конфуцзы Институтын құрудың «Жүзеге асыру туралы келісімшартына» қол қойып, Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтының директорлар кеңесін тағайындады. 2005 жылдың шілдесінде ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР-ның Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесіп Қазақстанда Конфуцзы Институтын құру туралы ұсынысын білдірді.