067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіHSK емтиханыHSK емтиханы жайында
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 11029
Басып шығару

Қытай тілі деңгейін анықтау емтиханы жаңа формасы (HSK)

Жаңа HSK (Chiese Proficiency Test) 汉语水平考试, жаңа қытай тілі деңгейлік емтиханы қытай тілі ана тілі емес болып саналатын халықтарға, соның ішінде шетел азаматтарына және қытайдың аз ұлт өкілдеріне бағытталған, қытай тілі білімінің деңгейін анықтауға арналған мемлекеттік стандраттық емтиханы.
Жаңа қытай тілі деңгейлі емтиханы жазбаша және ауызша емтиханы болып екіге бөлінеді. Бұнда жазбаша мен ауызша жеке дара емтихан ретінде саналады. Жазбаша HSK (бірінші деңгей), HSK (екінші деңгей), HSK (үшінші деңгей), HSK (төртінші деңгей), HSK (бесінші деңгей), HSK (алтыншы деңгей) болып бөлінсе, ауызша (бастапқы деңгей), (орта деңгей), (жоғары деңгей) болып дыбысты таспаға жазу арқылы жузеге асырады.
HSK бірінші деңгейінен өткен қатысушы қытай тілінің ең оңай сөйлемдерін меңгеріп, қарым –қатынас құралы ретінде қолдана алады, сонымен қатар, ол қытай тілін одан арі дамытатын қабілетке ие болады.
HSK екінші деңгейден өткен үміткер қытай тіліне қанығып, күнделікті сөйлемдерді еркін меңгерген болып табылады. Яғни бастапқы қытай тілінің үздік деңгейі болып табылады.
HSK үшінші деңгейінен өткен күнделікті тұрмыс – тіршілігін, оқуы мен қызыметін қытай тілінде меңгере алады. Қытайда саяхаттауда оған ешқандай тілдік мәселе туындамайды.
HSK төртінші деңгейден өткен үміткерлер көп тақырыптарда мәселе қозғай алады, қытай тілі ана тілі болып табылатындармен қыйындықсыз қарым –қатынас орната алады.
HSK бесінші деңгейден өткен үміткерлер қытай газет журналдарын оқып, қытай филмьдерін тамашалаумен қатар, қытай тілінде дәріс оқи алады.
HSK алтыншы деңгейден өткен үміткерлердің түсінуі мен тыңдау сонымен қатар қытай тіліндегі ақпараттарды түсіну қабілеті жоғары болады. Сойлеу мен жазуда қытай тілін еркін қолдана алады. 

HSK жазбашаның құрылымы:

Деңгей Бөлімдері Сұрақ көлемі

Емтихан уақыты
(минут)

Бірінші Тыңдау, оқу 40 35
Екінші Тыңдау, оқу 60 50
Үшінші Тыңдау, оқу, жазу 80 85
Төртінші Тыңдау, оқу,жазу 100 100
Бесінші Тыңдау, оқу,жазу 100 120
Алтыншы Тыңдау, оқу,жазу 101 135

 

HSK aуызша емтиханы

HSK ауызша (бастаушы деңгей) емтихан тапсырушылардың Қытай тілінде сөйлеу қабілетін тексереді. Ол Қытай тілі халықаралық деңгейінің І, ІІ деңгейіне сәйкес келсе, Еуропа тілдері кеңістігінде яғни CEF- өлшемінде А деңгейге сәйкес келеді. HSK ауызша бастаушы деңгейінен өткен үміткеркүнделікті тұрмыста қолданылатын ауыз екі тілдерді жақсы меңгерген және ұтымды қолдана білетін қабілетке ие, негізгі қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі болатын үміткер.
HSK ауызша (орта деңгей) емтиханы Қытай тілі халықаралық деңгейінің ІІІ, ІV деңгейіне сәйкес келсе, Еуропа тілдері кеңістігінде яғни CEF- өлшемінде B деңгейге сәйкес келеді. HSK ауызша орташа деңгейінен өткен үміткер ана тілі Қытай тілі болып саналатын адамдармен сөйлесіп, түсінісе алатын қабілетке ие болады.
HSK ауызша (жоғары деңгей) емтиханы Қытай тілі халықаралық деңгейінің V деңгейіне сәйкес келсе, Еуропа тілдері кеңістігінде яғни CEF- өлшемінде С деңгейге сәйкес келеді. HSK ауызша жоғары деңгейінен өткен үміткер Қытай тілінде еркін сөйлесіп, өз ойын Қытай тілінде анық әрі айқын жеткізе алатын қабілетке ие болады. 

 Деңгей  Бөлімдері  Сұрақ көлемі  

Емтихан уақыты
(минут)

 Бастапқы деңгей  Тыңдалымды қайталау, тыңдалымға жауап беру, сұрақтарға жауап қайтару  27  17
 Oрта деңгей  Тыңдалымды қайталау,суретті баяандау, сұрақтарға жауап қайтару  14  21
 Жоғары деңгей  Тыңдалымды қайталау, дауыстап оқу,сұрақтарға жауап қайтару  6  24