067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай тілі көпіріҚатысушылардың пікірі
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 21 Шілде 2014 Қаралды: 2525
Басып шығару

otzyv adelaidaМұхитжан Аделаида, «Қытай тілі көпірі» кезекті VI Халықаралық байқауынының қатысушысы.
Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім Мұхитжан Аделаида. 11-ші сынып оқушысымын, Қытай тілін оқып жатқаныма 3 жылға жуық уақыт болды. Осы жасыма дейін Қытайда 2 рет болдым. Бірінші рет 2012 жылдың күзінде, ал екінші рет 2013 жылдың қазан айында маған тағы да Қытайда болу бақыты бұйырды. Мен халықаралық «Қытай тілі көпірі» атты конкурсынқа қатыстым.
Пекин қаласы ойлағанымдай болып, әсемдігімен таң қалдырды: аспанмен астасқан ғимараттар көздің жауын алса, халықтың тығыздығы мені ерекше таңдандырды. Қазақстанда мұншалықты халықты көрмегендіктен, бұл маған жаңа нәрсе болды.
Әрі қарайғы Аспан шіркеуі, жазғы Сарай, Ұлы Қытай қорғанына бардық. Ғимараттардың әсемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Сосын біз Юннань провинциясының ірі қаласы Куньминге ат басын тіредік.

Толығырақ: Мұхитжан Аделаида
 
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 10284
Басып шығару

laura

Аутелеева Лаура, "Қытай тілі көпірі" атты халықаралық конкурстың қатысушысы:
"Қытай тілінің көпірі - мәңгі менің жүрегімде
Қытай тілінің деңгейін жоғарылатып, Қытай Халық Республикасында оқуға жарты жылдың грантқа ие болдым. Онда «Аватар» фильмін түсірілген қаланы көрдім, көпетеген студентермен достастым. Сонан алған жігерімнің арқасында «Қытай тілінің көпірі» атты 10 – шы Халықаралық олимпиадаға қатыстым.
Қытай көпірі – бұл барлық әлем халықтарын біріктіретін олимпиада. Енді мен әлемнің кез келген жерінде бір тілде - Қытай тілінде сөйлесіп, адаммен қарым - қатынас жасай аламын. Біз үш жұма бойы Қытайдың көрікті жерлерімен, тарихымен, ерекше мәдиниетімен,керемет табиғатымен таныстық. Көптеген жастар үшін Конфуцзы Институты болашаққа жөн сілтеп, есігін айқара ашқандықтан маған осындай мүмкіндік туды. Шын жүректен сіздерге шексіз алғысымды білдіре отырып,мемлекет арасындағы достық нығая түссін,гүлденіп биік шыңнан көріне беріңіздер!!!"

 

 
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 11285
Басып шығару

Букенбаева Айдана, "Қытай тілі көпірі" атты мектеп оқушылары арасындағы 4-ші халықаралық конкурстың қатысушысы:
"Мен Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтында екі жыл бойы оқып келе жатырмын. Өткен жылы Конфуцзы Институты маған “Қытай тілі көпірі” атты байқауға баратын керемет бір мүмкіндік берді.
Бұл байқау Қытайдын Чунцин қаласында өтті. Басында біз Қытайдын астанасы - Бейжін қаласына бардық. Бейжіннің назар аударарлық жерлеріне бардық. Олар: Ұлы Қытай Қабырғасы,Тыйым салынған қалашық және басқалар. Тағы біз Бейжінде орналасқан конфуцзы институтының бас пунктіне бардық. Бейжінде бірнеше күн болған соң біздің байқау өтетін қалаға бардық - ол Чунцин қаласы. Келесі күні біз Чунцин қаласын араладық көптеген қызықты жерлерін көрдік. Байкау өте керемет, және қызықты өтті, біздің топ барлық байқауларда өте жақсы қатысты.

Толығырақ: Букенбаева Айдана
 
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 8556
Басып шығару

Сагындыкова Фариза, мектеп оқушылары арасындағы 3-халықаралық «Қытай тілі көпірі» байқауының қатысушысы:
2010 жылдың мамырында Астана қаласында өткен «Қытай тілі көпірі» атты республикалық оқушылыр арасындағы сайысқа қатыстым. Берілген сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанып, Қазақстанды 2010 жылдың 12-30 қазан аралығында 40 мемлекет арасында Чунчинь қаласында өтетін халықаралық сайыста көрсетуге мүмкіндік алдым. Сондай-ақ осы сайыста менімен бірге тағы да 2-ші орын алған оқушылар қатынасты.
Қазақстан бұндай сайысқа бірінші рет қатынасып отыр еді. Берілген сайысқа қатынасу менің дүниетанымымды кеңейтіп, басқа елдерден көптеген таныстар мен жолдастар табуға мүмкіндік берді. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар бізге Қытай елінің астанасы Пекин қаласын көріп танысуға мүмкіндік берді. Мен Бейжің қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері мен мұраларына тәнті болдым.

Толығырақ: Сагындыкова Фариза