067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай тілі көпіріҚТК дегеніміз не?
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 9873
Басып шығару

«Қытай тілі көпірі» атты халықаралық конкурсы (ҚТК) – бұл мемлекеттік мекеме – Ханьбаньмен халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын қытай тілі жарысы, әлем өркениеттірінің тоғысуын қалыптастыратын ауқымды жоба. Конкурс 3 түрге бөлінеді: студенттер арасындағы «Қытай тілі көпірі» атты халықаралық конкурсы, мектеп оқушылары арасындағы «Қытай тілі көпірі» атты халықаралық конкурсы, Қытайда оқитын шетелдіктер арасындағы «Қытай тілі көпірі» атты конкурс. «Қытай тілі көпірі» атты халықаралық конкурсы жылына бір рет ұйымдастырылып отырады. Соңғы жылдар ішінде бұл жоба Ханьбань мен жергілікті атқарушы билік өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, телеарналармен тығыз байланыс орнатуға жол ашу арқылы жемісті жүзеге асуда. Бүгінгі күні студенттер арасында 10 рет конкурс өткізілді, сол конкурстар барысында 60 астам елдің1000-ға жуық студенттері Қытайға келіп, қытай тілі шеберлгін көрсетті. Ал мектеп оқушылары арасында болған конкурс 4 рет өткізілді. Бұл конкурс 40-тан астам елдің 500-дей оқушыларын жинап, олардың тілді игерудегі жетістіктері мен қуаныштарын бөлісуіне үлкен үлес қосты. Қытайда оқитын шетелдіктер арасында өтетін қытай тілі конкурсы Ханьбань мен орталық телеарнаның шетелдік бағдарламалар орталығы арқылы басқарылады. Конкурс осымен 4 рет ұйымдастырылып, 40-тан астам елдің 300-ден жоғары студенттерін бір алаңға жинады. Жеңімпаздар «Қытай тілі шебері» деген атаққа ие болды. 3 түрлі конкурсқа қатысқандардың жалпы саны 90 мыңнан асып отыр.