067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіКиноклуб
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 28 Маусым 2014 Қаралды: 2707
Басып шығару

Киноклуб Конфуцзы Институты тыңдаушыларының қытай тіліндегі фильмдерді тамашалау арқылы тыңдау қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Мұнда клуб мүшелері киноны тек көріп қана қоймай, оны ой жүйесінен өткізіп, өзара талқыға салады, оған қоса көрілген фильм жөнінде шығарма жазады. Бұл өз кезегінде тыңдаушылар арасында қытайлық атмосфера орнатып, Қытай кино әлеміне сапар шегу арқылы қытай тілі деңгейін одан әрі жетілдіре түседі.
Кино қазіргі өркениетіміздің жемісі болып табылады. Ал қытай киносына келер болсақ, «Динцзюньшань тауы» деп аталатын ең алғашқы қытайлық фильм 1905 жылы пайда болған. Содан бері сан мыңдаған фильмдер түсіріліп, олардың тақырыптары, сюжеті мен образ құрылымы, сондай-ақ түсірілу стилі сан қилы өзгеріп отырды. Өзімізге белгілі 2002 жылы Қытайдың «Қалтарыстағы жолбарыс» атты фильмі шет тіліндегі ең үздік фильм деп табылып, «Оскар» сыйлығына ие болды.