EҰУ атындағы Конфуцзы Институтының тыңдармандары «Қытай тілі көпірі» Республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болып, Қытайда өтетін халықаралық байқауға Қазақстанның атынан қатысатын болады

«Қытай тілі көпірі» Республикалық байқауы еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында салтанатты түрде өтті. ҚХР ның ҚР дағы бас консулы Ду Дэвэнь ханым, ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің дипломаттары, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы және синолог-ғалымдар қатысты.
ҚХР ның ҚР дағы бас консулы Ду Дэвэнь ханым өз сөзінде: «Қытай тілі көпірі» 2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын әрі қазіргі уақытқа дейін әлемнің 70 елінде өтетінін айтып өтті. Осы байқау әлемдегі Қытай тілін үйренушілерге өз білімін және өнерін көрсететін үлкен сахна болып қалыптасқанын айтып өтті. «Қытай тілі көпірі» Қазақстанның басқа қалаларында өтіп, Қытай тілін үйренушілерге тіпті де көп мүмкіндік жаратуына сәттілік тіледі.

Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры М.Бүркітбаев профессор өз сөзінде, «Қытай тілі көпірі» Қазақстан мен Қытай елін жалғастыратын мәдени, тарихи көпір болып қана қалмай, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай елінің қарым- қатынасын жақсартатын достық көпірі болып қалыптасқанын атап өтті. Әрі қатысушыларға байқауда үздік нәтижелерге қол жеткізулеріне сәттілік тіледі. 

Байқау өзін таныстыру, сұрақтарға жауап беру және өнерін көрсету сияқты үш бөлімнен тұрды. Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтобе қалаларынан жүлделі орындарға ие болып келген 22 студент пен мектеп оқушылары байқауға қатысып өз өнерлерін көрсетті. Студенттер арасындағы байқауда Институтымыздың тыңдармандары Жармұхаметова Жанара І орынға, Айтказина Айнур ІІІ орынға ие болды. Мектеп оқушылары арасындағы байқауда сайыстың ең кішкентай қатысушысы, институтымыздың үздік тыңдарманы Абдіраимова Айғаным ІІІ орынға ие болды.
Біздің тыңдармандарымызды жеңіспен шын жүректен құттықтап, «Қытай тілі көпірі »халықаралық байқауында Қазақстанның атынан қатысуда сәттілік тілейміз!
ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдармандары «Қытай тілі көпірі» республикалық байқауының жыл сайынғы жүлдегерлері болып, 5 жыл бойы мемлекетіміздің атынан халықаралық байқауға қатысып келеді. Осылайша, 2012 жылғы Кунмин қаласында (Қытай) өткен 5 номинация бойынша 45 мемлекеттің атынан қатысқан 100 адамның ішінде ЕҰУ-дегі Конфуцзы Институтының тыңдарманы Тулеубаева Камила «Ең талантты» болып танылды.

news 17.07.2014 1

news 17.07.2014 2

news 17.07.2014 3

Joomla блог