067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЖаңалықтарЕуразия Ұлттық университет жанындағы Конфуцзы институтының қазан айында өткен лекциялары кеңінен қолдау тапты

Xабарландырулар

Еуразия Ұлттық университет жанындағы Конфуцзы институтының қазан айында өткен лекциялары кеңінен қолдау тапты

Дүкен Масымханұлы және Турсынхан Зекенұлы Қайыркеннің лекциялары өтті

    2016 жылдың 18 қазанында Еуразия Ұлттық университеті филология факультетінің қытай филологиясы кафедра меңгерушісі профессор Дүкен Мәсімханұлы барлық Конфуцзы институты тыңдаушылары мен оқытушылары үшін «Қытай тілі және қытай-қазақ қарым-қатынасы» атты дәріс жүргізді. Осы дәрісте профессор Дүкен Мәсімханұлы Конфуцзы институтының астанада құрылуы мен қытай тілін үйренудегі маңыздылықты айтып, Ол әлем халқын алып айтсақ, әрбір үшінші адам қытайша сөйлейді, сондықтан қытай тілін жақсы үйренулеріңді тілеймін деді. Сонымен қатар қытай тілін үйренудегі ең жақсы мұғалім қызығушылық, ал ең жақсы әдіс шыдамдылық екенін айтты.  

2016 жылдың 19 қазанында ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Тұрсынхан Зекенұлы Қайыркен «Таң дәуірі кезеңіндегі Қытайдың Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты дәріс өткізді. Ол дәріс барысында қазақ-қытай қарым-қатынасы байырғы мың жыл бұрын қалыптасқандығын, Тан билігі кезіндегі Шиуанзуңның жаздырған бітіктастағы мәтіні осыған дәлел бола алатындығын айтты. Қаншама ғасырдан бері қазақ-қытай қарым-қатынасы сан қилы кезеңдерден өтіп, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай елінің басшылары екі елдің қарым-қатынасын жаңа даму кезеңіне алып келгендігіне тоқталды.

Дәріс барысында профессорлар мен оқытушы, тыңдаушылар қызу қарым-қатынаста болып, қытай тілін оқыту мен үйренуге деген қызығушылықтарын білдіріп жатты. Дәріс мазмұны қызықты болғандықтан, тыңдаушылардың көңілінен шығып, ризашылығын білдірді. Тыңдаушылар дәріс аяқталған соң да кеткілері келмей, бұдан былай да осындай дәрістердің болуын қалады.

        Осы жолы ұйымдастырылған дәрістерге ЕҰУ мен Конфуцзы институтының жүздеген оқытушы, тыңдаушылары белсенді қатысып, екі ел халқының достық көпіріне айланды.