067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіЖаңалықтарЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтының директорлары Таиландтағы конференцияға қатысты.

Xабарландырулар

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтының директорлары Таиландтағы конференцияға қатысты.

Бангкоктағы (Таиланд) Бансомдежчхаопрая Раджабат университетінде 2017 жылдың 8-11 қыркүйек аралығында «Бір жол, Бір белдеу» қытай жобасын жүзеге асыру барысында «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» және «XXI ғасырдың Теңіздегі Жібек жолын» құруға бағытталған Азиядағы Конфуцзы Институттарының халықаралық конференциясы өтті.

Конфуцзы Институттары Бас штабының «Конфуцзы Инситуттарын 2012-2020 жылдарға дейін дамыту жоспары» аясында ұйымдастырған конференциясына әлемнің Азиядағы 77 Конфуцзы Институттары мен 14 кластары  оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУжанындағы Конфуцзы Институтының Қазақстан тарапының директоры Б.Ж. Абжаппарова мен қытай тарапының директоры Дэн Ин қатысты.

      «Бір жол, Бір белдеу мен Конфуцзы Институттарын дамыту бастамасымен өткен конференцияда Азия елдеріндегі Конфуцзы Институттарының қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері мен болашақта дамытуға бағытталған панельдік жиындары өткізіліп, қытай тілінің жергілікті ұлттық кадрларын даярлау мәселелері талқыланды. Конференцияда Ұлы Жібек жолын біріктірудегі Конфуцзы Институттарының қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, онда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институты жайлы ақпарат ұсынылды.