067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай туралыКонфуцзы
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 9992
Басып шығару

Конфуцзы – Қытай елінің ұлы ойшылы. Оның философиясы Қытайға және Шығыс Азияға үлкен ыкпалын тигізді.
Конфуцзының есімі ( 551-479жж.б.эд.) Цю, сонымен қатар Чжунъни деген де есімі бар. Лу деген мемлекеттің Чжоуи (Цюйфудің оңтүстік-шығысында, қазіргі Шаньдун) қаласында дүниеге келген ол Конфуцзы ілімінің негізін қалаушы болып табылады.
Ол адам баласын сүю теориясын ойлап тауып, билік басындағыларды халықты қанаудың орнына аяушылық пен махаббат сезімдерін білдіруге үндеді. Екінші жағынан, ол зорлық-зомбылыққа қарсы болып, рухани тәрбиені дамыту керек деген ұранын алға тартты.
Конфуцзы – ұлы ағартушы. Ол өмір сүрген дәуірде тек ақсүйектердің балалары ғана оқи алатын. Конфуцзы өз шәкірттерінің жанұялық жағдайларына қарамастан, барлығын тең дәрежеде оқытты. Сол кезеңде Конфуцзы ашқан жеке мектеп ағартушылық саласында монополия орнатқандарғы қатты соққы болды. Халықтың айтуы бойынша Конфуцзының 3000 астам шәкірттері, оның ішінде 72 шәкірті тарихта әйгілі тұлғалар болған.
Конфуцзы алдымен шәкірттерінің білім зеректігін, қабілетін байқап, кейін сол қабілет ерекшеліктеріне сай оқытуға тырысты. Көбіне ол шәкірттеріне: «Білімді үздіксіз жаңартып отыру қажет», «білсең білгенің, білмесең білмегенің»,- дейтін. Конфуцзы өз шәкірттерінен оқу барысында ойлануды талап етіп, білімді саналы түрде алуға үйретті.
Уақыт өте Конфуцзы шәкірттері оның ойлары мен істерін жинақтап, «Луньюй» деген еңбегін жарыққа шығарды. Бұл өз кезегінде конфуцзы философиясын классикалық әдебиет қатарына шығарды. Конфуциялық ілім екі мың жыл шеңберінде Қытай мәдениетінің философиялық негізін қалап келді.