067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіӘріптестікСиань шет тілдер университеті
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 9415
Басып шығару

Сиань шет тілдер университеті алғашқы рет 1952 жылы орыс тілі мен әдебиетін зерттейтін арнайы мекеме ретінде құрылды. 1958 жылы Сиань шет тілдер институты болып өзгертіліп, Қытайдың солтүстік-батысындағы жалғыз шет тілдер институтына айналды. 2006 жылы Қытай Білім министрлігінің бұйрығымен Сиань шет тілдер университеті болып қайта өзгертілді.
Қазіргі таңда университет 28 институттардан, магистратуралар мен білім саласын зерттеу мекемелерінен, 24 ғылыми орталықтардан тұрады. Оқу бағдарламасы бакалавриаттың 39 мамандығы бойынша, магистратураның 21 мамандығы бойынша, сондай-ақ тіл, әдебиет, құқық, экономика, педагогика және логика маманықтары бойынша жүргізіледі. Университет 4 шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе ғылым доктарларын дайындау бағдарламасын жүзеге асыруда. Сонымен бірге университет қабырғасында 24 мыңға жуық студенттер түрлі бағдарламалар бойынша білім алуда.
Университетте «Шет тілдерінің оқытылуы», «Антропогеография» және «Сиань шет тілдер университетінің жаршысы» атты журналдар шығарылады.
Университет шетелдің жоғары оқу орындары мен білім мекемелерімен халықаралық әріптестікті орнатуға үлкен назар аударуда. Бүгінгі күні университет студенттер мен оқытушылар алмасуы, сонымен қатар магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша шетелдің 130 жоғары оқу орындары және 70 білім мекемелерімен өзара әріптестік орнатып үлгерді. Америка, Сингапур және Англия секілді елдердің тәжірибелік базалары бар. Сондай-ақ Аргентина мен Қазақстанда екі Конфуцзы Институттары бар.