067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   Негізгі

Қыркүйек 2017

30 Қыркүйек 2017

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтының директорлары Таиландтағы конференцияға қатысты.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтының директорлары Таиландтағы конференцияға қатысты.

Бангкоктағы (Таиланд) Бансомдежчхаопрая Раджабат университетінде 2017 жылдың 8-11 қыркүйек аралығында «Бір жол, Бір белдеу» қытай жобасын жүзеге асыру барысында «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» және «XXI ғасырдың Теңіздегі Жібек жолын» құруға бағытталған Азиядағы Конфуцзы Институттарының халықаралық конференциясы өтті.

Конфуцзы Институттары Бас штабының «Конфуцзы Инситуттарын 2012-2020 жылдарға дейін дамыту жоспары» аясында ұйымдастырған конференциясына әлемнің Азиядағы 77 Конфуцзы Институттары мен 14 кластары  оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУжанындағы Конфуцзы Институтының Қазақстан тарапының директоры Б.Ж. Абжаппарова мен қытай тарапының директоры Дэн Ин қатысты.

      «Бір жол, Бір белдеу мен Конфуцзы Институттарын дамыту бастамасымен өткен конференцияда Азия елдеріндегі Конфуцзы Институттарының қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері мен болашақта дамытуға бағытталған панельдік жиындары өткізіліп, қытай тілінің жергілікті ұлттық кадрларын даярлау мәселелері талқыланды. Конференцияда Ұлы Жібек жолын біріктірудегі Конфуцзы Институттарының қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, онда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институты жайлы ақпарат ұсынылды.

Read more

25 Қыркүйек 2017

HSK емтиханына тіркеу 2017

HSK емтиханынатіркеу

HSK емтиханына тіркелу мерзімі 2017 жылғы  03-ші қазан айынан 03-ші қараша айына дейін жалғасады. Ал емтихан 2017 жылдың 03-ші желтоқсан айында өткізіледі.

HSK емтиханын тапсыруға керекті құжаттар:

I-III деңгейлері үшін:

·       жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі

·       тапсыратын деңгейге сәйкес қаражат

IV-VI деңгейлері үшін

·       жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі

·       электронды түрдегі 1 сурет (түсті, бұрышсыз, 3х4)

·       тапсыратын деңгейге сәйкес қаражат

Емтихан төлемақысы:

1-ші деңгей 2000 тг.

2- ші деңгей 3500 тг.

3- ші деңгей 5000 тг.

4- ші деңгей 6500 тг.

5- ші деңгей 8000 тг.

6- ші деңгей 9500 тг.

Мекен- жайымыз: Астана қ., Б. Момышұлы даң. 19А, 4 қабат.

Тел.: 8 (7172) 49-09-78,8702 307 38 09

Read more