067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіКітапханаАудио және бейне материалдар
Автор: Super User Категория: Мақалалар
Жарияланды 28 Маусым 2014 Қаралды: 5247
Басып шығару
 troecar  

«Үш патшалық»

«Үш патшалық» фильмінде У, Шу, Уэй секілді үш мемлекет арасындағы соғыс желісі баяндалған. Әр саяси топтың басшылыққа ұмтылысы барысында саяси, экономикалық, әскери, дипломаттық қарым-қатынастары керемет сомдалған.

 skrip  

«Сенімен бірге болғым келеді»

Мұнда жас скрипкашы баланың өмірі туралы баян етіледі. Жалпы, осы «кішкентай» көріністе өмірдің құндылығы айқын көрініс тапқан! Туыстық махаббат пен музыка үйлесім тапқан, бір сағатты құрайтын әсем ауенге толы бұл фильмде туысқандық махаббаттан үлкен әсер аларыңыз хақ!

 moi  

«Менің ата – анам»

Ауылдың көркті, көз сүйіндірер жас жеткіншегі жаңа келген жас мұғалімге ғашық болып қалады. Оны өзіне қарату үшін ол күн сайын оған тамақ тасып, оқу бөлмесінің ішін әсемдеуге тырысады. Күндердің бірінде жас мұғалім да оны ұнатып, жаңа өмір қарсаңында жас жігітті халық жауы деп алып кетеді.

 shah  

«Шахмат патшасы және оның ұлы»

Лю Ишу шахматтан қатты атағы шықпаса да, таныстары мен қатарының алды еді, содан болар оны көбі «Шахмат патшасы » деп атайды. Бірде жұмыстан босап қалған ол кіші-гірім шахмат орталығын ашады. Әйелі мұндай тіршіліктен шаршап, ақыр соңында ажырасуға бел байлайды. Бірақ ұлдары анасы емес әкесімен қалуды таңдайды...

osobaya

«Ерекше тапсырма»

Қытай тарихынан өшпес орын алған жапон соғысында көптеген ұлтшылдардың рухы оянып, олар елі үшін жанын құрбан етті. Кейбірі батыр болып дастандарға аттары жазылып жатса, қаншамасының тіптен шын есімі де ешкімнің есінде қалмапты. Сол тарихи оқиғаның куәсі осы филмдегі батырлар рухынан көрініс таппақ!

igra

«Ойын иесі»

Ю Гуань, Янь Чун және Ма Цин үшеуі Пекинде «Адамдарды зерігуден, уайымдаудан, қиналудан арылтатын орталық» ашады. Осы уақыт ішінде олар көптеген таңқаларлық адамдарға кез болады. Ашылған орталықт қызыметі күннен күнге жақсарады. Бұл фильмде сонымен бірге бір жігіттің өз сүйікті қызымен оны ренжітпей айырылғысы келгені туралы қызықты оқиға малімделген. Басын білдік, соңы қалай аяқталатынын бірге тамашалайық..

poster  300x400

«Гуа-ша»
Фильмде қытайлық эммигранттар өз елінің дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты американдықтар тарапынан көптеген түсініспеушіліктерге тап болады.

129301178682850252 l

«Көзі көрмейтін қыз»
Көзі көрмейтін қыз жеңіл атлетикамен айналысып, әлем біріншілігінің чемпионы аталады. Бұл өз кезегінде қыздың өмір мәнін түсінуге септігін тигізеді