067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай тілі көпіріҚатысушылардың пікіріМұхитжан Аделаида
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 21 Шілде 2014 Қаралды: 2516
Басып шығару

otzyv adelaidaМұхитжан Аделаида, «Қытай тілі көпірі» кезекті VI Халықаралық байқауынының қатысушысы.
Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім Мұхитжан Аделаида. 11-ші сынып оқушысымын, Қытай тілін оқып жатқаныма 3 жылға жуық уақыт болды. Осы жасыма дейін Қытайда 2 рет болдым. Бірінші рет 2012 жылдың күзінде, ал екінші рет 2013 жылдың қазан айында маған тағы да Қытайда болу бақыты бұйырды. Мен халықаралық «Қытай тілі көпірі» атты конкурсынқа қатыстым.
Пекин қаласы ойлағанымдай болып, әсемдігімен таң қалдырды: аспанмен астасқан ғимараттар көздің жауын алса, халықтың тығыздығы мені ерекше таңдандырды. Қазақстанда мұншалықты халықты көрмегендіктен, бұл маған жаңа нәрсе болды.
Әрі қарайғы Аспан шіркеуі, жазғы Сарай, Ұлы Қытай қорғанына бардық. Ғимараттардың әсемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Сосын біз Юннань провинциясының ірі қаласы Куньминге ат басын тіредік.

Куньмин қаласындағы 2 аптада мені эйфория сезімі кернеді. Мұнда маған бауырларыдай қамқорлық көрсетті, үнемі жанымда болған Қытай еріктілер тобымен таныстым. Олар бізді «Тас орман» сынды қызықты жерлерге алып барды.
Ең есте қалған сәт – ол қоштасу сәті. Конкурстың жабылу салтанатынан кейін жарыстың бүкіл қатысушылары, еріктілеп тобы мен мұғалімдер сахнада құшақтасып, қимай, ұзақ жыластық.
Маған жаңа достар тауып, Аспан асты елімен жақын танысуға мүмкіндік берген және ересек адам болып қалыптасу жолында өз-өзіме деген сенімділікке баулаған конкурстың ұйымдастырушыларына шын жүректен алғысымды бергім келеді. Үлкен рахмет.