067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай тілі көпіріҚатысушылардың пікіріСагындыкова Фариза
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 8810
Басып шығару

Сагындыкова Фариза, мектеп оқушылары арасындағы 3-халықаралық «Қытай тілі көпірі» байқауының қатысушысы:
2010 жылдың мамырында Астана қаласында өткен «Қытай тілі көпірі» атты республикалық оқушылыр арасындағы сайысқа қатыстым. Берілген сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанып, Қазақстанды 2010 жылдың 12-30 қазан аралығында 40 мемлекет арасында Чунчинь қаласында өтетін халықаралық сайыста көрсетуге мүмкіндік алдым. Сондай-ақ осы сайыста менімен бірге тағы да 2-ші орын алған оқушылар қатынасты.
Қазақстан бұндай сайысқа бірінші рет қатынасып отыр еді. Берілген сайысқа қатынасу менің дүниетанымымды кеңейтіп, басқа елдерден көптеген таныстар мен жолдастар табуға мүмкіндік берді. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар бізге Қытай елінің астанасы Пекин қаласын көріп танысуға мүмкіндік берді. Мен Бейжің қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері мен мұраларына тәнті болдым.

Бірінші кезекте, әрине, Ұлы Қытай Қорғаны, Тарихи қала, Ханбан өлкетану музейі, олимпиада ойындары өткен стадион және т.б. Пекинде болып қайтқан әр шет елдік адам әрине «бейжің үйрегін» ауыз тимей кетуі мүмкін емес.
Аталмыш сайыс Сычуань провинциясының орталығы Чуньчин қаласында өтті. Бұл әртүрлі көпірлері бар өте әсем таулы қала. Чуньчин университетіне барғанда әрбір елдің өкілдері ағаш екті, бұл ағаштар «білім-бұтақтары» деп аталды. Және де айта кететін жайт сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кеткім келеді.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-ші кезең: Әр топ өз елін таныстырды, бұл сайыс дәл осылай аталды да «5-континент ұсынамыз», бұнда біз қазақ биін орындадық. 2-ші кезең 3-бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімінде келесі тапсырмаларды орындау керек болды: жекеленген бөлшекті суреттерден нақты бір сурет құрастырып шығу. Сайыстың екінші бөлімінде топтың бір мүшесі, бір минут ішінде алдыңғы кезеңде жинақталған сурет туралы әңгімелеп беру қажет. Біздің тобымыздан мен шықтым.
Үшінші бөлімінде әр топ бейтарап топтық творчествалық қойылым көрсетуі қажет болды. Біздің топ әйгілі бейжің операсын орындадық. Қойылым қытай көрермендеріне және әділқазы мүшелеріне де қатты ұнады, өйткені бұл туынды олардың мәдени құндылығы болып табылады, және де ол сезімталды әрі әсем болды. 3-ші кезең: Сайыстың барлық қатысушыларын (120 адам) 12 топқа бөліп жіберді. әр топтық сахналық қойылымдары 3-ші сайыстың жарқын қойылымы болды,әр елден қатысушы балаларға бір бірін танып достасуға мүмкіндік берді. 4-ші кезең: барлық сайыскерлерді қытай елінің болмысымен таныстырды: оларға 15 минут ішінде үлкен әмбебап дүкен ішінде тұрмыста қажет тауарларды табу керек болды.
Барлық сайыстың кезеңдерін өткеннен кейін жабушы-концерт болды, онда мен АҚШ, Швеция, Франция елдері өкілдерімен «Қытай тілінің көпірі» сайысының әнұранын орындадым. Сайысқа дайындық пен оған қатынасудан басқа, барлық сайысқа қатынасушылар бірнеше күнге қытай отбасының жаңашыл өміріне бой ұрды. Балалар қытай отбасыларында тұрып, ол жерде өздеріне «қытай ата-аналары мен аға, апаларын» тапты, жаңа білім алып, қытай тілін қатрда үйренуден алуға болмайтын, өздеріне күтпеген жаңалықтар ашты.
Сайыс нәтижесі бойынша мен Қытайда оқу грантын жеңіп алдым, және де бұл жерде оқу орнын таңдау менің еншімде қалды.
Дос болып үлгерген қарсылас сайыскерлермен қоштасу әрине қыйнға соқты".