067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Сіз осы жердесіз:   НегізгіҚытай тілі көпіріҚатысушылардың пікіріБукенбаева Айдана
Автор: Super User Категория: Пікірлер
Жарияланды 26 Маусым 2014 Қаралды: 11511
Басып шығару

Букенбаева Айдана, "Қытай тілі көпірі" атты мектеп оқушылары арасындағы 4-ші халықаралық конкурстың қатысушысы:
"Мен Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы Институтында екі жыл бойы оқып келе жатырмын. Өткен жылы Конфуцзы Институты маған “Қытай тілі көпірі” атты байқауға баратын керемет бір мүмкіндік берді.
Бұл байқау Қытайдын Чунцин қаласында өтті. Басында біз Қытайдын астанасы - Бейжін қаласына бардық. Бейжіннің назар аударарлық жерлеріне бардық. Олар: Ұлы Қытай Қабырғасы,Тыйым салынған қалашық және басқалар. Тағы біз Бейжінде орналасқан конфуцзы институтының бас пунктіне бардық. Бейжінде бірнеше күн болған соң біздің байқау өтетін қалаға бардық - ол Чунцин қаласы. Келесі күні біз Чунцин қаласын араладық көптеген қызықты жерлерін көрдік. Байкау өте керемет, және қызықты өтті, біздің топ барлық байқауларда өте жақсы қатысты.

Бірақ мен тек Қытайды көріп, әлде байқауда ғана қатысқан жоқпын, мен тағы да көптеген жаңа, жақсы достармен таныстым. Байқау біткен соң коштасу өте қыйын болды. Бір бірімізге бауыр басып қалдық, мен олармен интернет арқылы хабарласамын. Оларды тағы да көрермін деген үміттемін.
Байқау болған күндері бізді қытайдың отбасыларына жіберді. Сол уақыт өте керемет өтті. Менің қытай ата-анам өте мейрімді кісілер болып шықты. Мені көптеген қызықты жерлерге апарды. Қытай мәдениетімен таныстырды. Сондықтан да, мен ол кісілерге үлкен рахметімді айтамын.
Мен біздің Конфуцзы Иститутымызға осындай ғажап мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғысымды айтқым келеді".