067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Вы здесь:   ГлавнаяНовостиЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтындағы 2017 жаңа оқу семестрінің ашылу салтанаты

Обьявления

ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтындағы 2017 жаңа оқу семестрінің ашылу салтанаты

 

2017 жылдың 16 ақпан күні ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институтының жаңа оқу семестрінің ашылу салтанаты өтті. Бұл  іс-шараға бұрын оқыған және жаңадан келген оқушылар мен ата аналары қатысты.

 

 

 

Ашылу салтанатын институтымыздың директоры Бибихадиша Жүрсінқызы бастап ашты. Ол институтымыздың өткен оқу жылдарының жетістіктерін айтып, нақты сандарымен бөлісті. Сөз соңында қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сөз кезегін институтымыздың оқытушысы Бай Шиуеге берді. Ол қытайға оқу гранттары мен қысқы және жазғы лагерлер туралы мағлұмат айтты. Көптеген тыдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Оқытушы Оля қытай тілі көпірі конкурсының шарттарымен таныстырып, тыңдаушылардың белсенділік танытуын ескертті.

 

Қысқы және жазғы лагерге қатысқан оқушылар өздерінің қалай ұтып алып, қалай барып келгендерімен бөлісті. Соңында институтымыздың оқушысы Гүлдана қытайша мәнерлеп өлең оқып берді.

 

 

Ашылу салтанатына қатысқан әрбір тыңдаушы институтымызға қолдау көрсетіп, қызығушылықтары артқанын айтты.