067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

Вы здесь:   ГлавнаяНовости“Қытай тілі көпірі”

Обьявления

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы Институты Студенттер мен оқушылардың 16-шы Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысының Астана қалалық байқауын өткізді.

2017 жылдың 18 наурыз күні студенттердің арасындағы 16-шы, оқушылар арасындағы 10-шы Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысы өтті. Іс-шараға институтымыздың директоры Бибіхадиша Жүрсінқызы, шығыстану кафедрасының оқытушысы Ерзат Табыс, қытай филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Бірімқұлова Гүлнар және институтымыздың оқытушылары қатысып, төрелік етті.

 

Сайыс 3 бөлімнен тұрды, сайыскерлер бірінші бөлімде  жазбаша емтихан, екінші бөлімде өзін-өзі таныстыру мен сұрақ-жауап, үшінші бөлімде өнер көрсетті.

Бірінші кезеңде сайыскерлер емтихан сұрақтарына жазбаша түрде жауап берді. Сұрақтар қытай тілі, тарихы және географиясына арналды. Екінші кезеңде сайыскерлер өздерін таныстырып, дайындаған тақырыпта сөз сөйлеп, соңында төрешілердің сұрақтарына жауап берді. Үшінші кезеңде сайыскерлер  дайындаған өнерлерін көрсетіп, қытай тілінде ән айтып, би биледі.

Тартысты бәсекеден кейін студенттер мен оқушылар арасынан келесі республикалық іріктеу турына жолдама ұтып алғандардың тізімін төрешілер жария етіп, оларды марапаттады.