067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

你在這裡:   新聞ЕҰУ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦЗЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУ МЕН HSK (ҚЫТАЙ ТІЛІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ) ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТОЛ ОТЫРЫСЫ

欧亚大学孔子学院

 

档案

<< < 九月 2017 > >>
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

hanyuqiao.gif

kaoshi.gif

cio.gif

everyday chinese

bkrs

 

ЕҰУ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦЗЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУ  МЕН HSK (ҚЫТАЙ ТІЛІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ) ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ  ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТОЛ ОТЫРЫСЫ

Конфуцзы институты қытай тілін оқуға жаңадан келген және оқып жүрген оқушыларға арнап, 2016 жылдың 20 қазаны күні “қытай тілін оқыту мен HSK (қытай тілі деңгейін анықтау) емтиханы туралы тәжірибе алмасу” дөңгелек үстол отырысын ұйымдастырды. Бұл жолғы іс-шараның мақсаты қытай тілін үйрену кезінде жолыққан мәселелерді шешу, оқуға қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар HSK емтиханыннан өту пайызын жоғарылату мен емтиханға дайындық нұсқаулары туралы мәлімет берді. Конфуцзы институтының қазақ және қытай тараптарының директорлары мен институт оқытушы, оқушылары осы іс-шараға белсенді қатысты.

 

Отырыс барысында 5 үздік студент өздерінің қалай оқитындары мен емтиханға дайындалу тәжірибелерімен бөлісті. Олар үшін қытай каллиграфиясын үйрену қиын болған, бұл мәсәлеге мұғалім қытай каллиграфиясының құрылымынан бастап үйрену керектігін айтып кеңес берді.

 

Қытай тарапынан арнайы Конфуцзы институтына оқытушылыққа келген Бай мұғалім HSK емтиханымен таныстырды. Емтихан қанша уақыт өтетінін, өту барысы және ережелер жайлы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Келген тыңдармандар қысқы ғана 2 сағат ішінде оқу мен емтихан туралы көптеген мағлұмат алды.

Осы жолғы тәжірибе алмасуға араналған дөңгелек үстол отырысы өз мәресіне сәтті жетті, оқушылар өз-өзін көрсетуге мүмкіндік алды және емтиханнан өту сенімділіктері артты. Сонымен қатар оқушы-оқытушы арасындағы достық қарым-қатынасы да артты.