067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

你在這裡:   新聞I KERA Халықаралық конференциясы

欧亚大学孔子学院

 

档案

<< < 十一月 2017 > >>
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

hanyuqiao.gif

kaoshi.gif

cio.gif

everyday chinese

bkrs

 

I KERA Халықаралық конференциясы

KERA атты халықаралық конференция 9.02.2017-11.02.2017 күндер аралығында Назарбаев университеттіндеөтті. Конференцияның басты тақырыбы: «Еуразия білім беру саясаты мен тәжірибесіндегі үрдістерге» арналған. Біздің институттан оқытушылар Бай Шиуе мен Қали Фатима қатысып, конференцияда презентация жасады.

Конференцияның басты мақсаты барлық білім беру мен зерттеу салаларын дамытып, Қазақстанмен басқа мемлекеттер арасындағы білім беру жүйесін байланыстыру, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде таныту.

Презентация жасаған белгілі ғалымдардың ішінде Еуразиялық білім беру мен зерттеулер қауымдастығының президенті Teo Вуббельс, АҚШ мемлекеттік зиялылыр қауымдастығының төреағасы Питер Вудстар болды. Бұл бірінші рет өтіп жатқан конференцияға Қытай, Еуропа, ТМД және еліміздің барлық аймағынан келген білім саласының өкілдері жиналды. Институтымыздың оқытушысы Бай Шиуе Қандай жоғары білім беру моделі 21 ғасырдың ең тиімді үлгісі болады? атты жекелеген секцияның біріне қатысып, қытай тіліндегі сессиясына басшылық жасады.

Бұдан тыс, конференцияда білім беру саясаты, білім саласының басшылық қызметі, сабақ барысы, жекелеген мамандықтар, мұғалімдер даярлау мен мамандықтарды дамытуда кездесетін қиындықтар, теория мен практиканы ұштастыру, білімді бағалау және өлшеу мәселелері талқыланды.