067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

你在這裡:   新聞ҚЫТАЙ ТІЛІ КӨПІРІ2017

欧亚大学孔子学院

 

档案

<< < 十一月 2017 > >>
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

hanyuqiao.gif

kaoshi.gif

cio.gif

everyday chinese

bkrs

 

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНФУЦЗЫ ИНСТИТУТЫ 2017 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН «ҚЫТАЙ ТІЛІ КӨПІРІ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

2017 жылдың 14 сәуір күні қытай тілін шетелдіктерге жалпыластыру кеңсесі мен Қытай Бас консулдығының демеуімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы Конфуцзы институты Алматы қаласында студенттердің арасындағы 16-шы, оқушылар арасындағы 10-шы бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысын өткізді. Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Джан Вэей, орынбасары Го Шинчиау, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің проректоры Бүркітбаев Мухамбетқали Мырзабайұлы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлкеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жәнеӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы Конфуцзы институтының директорлары мен оқушылары, оқытушылары қатысты. Сонымен қатар БАҚ мен кәсіпкерлер де, жалпы алғанда 400 –ге жуық қатысушы болды.

Қытайдың Қазақстандағы Бас елшісінің атынан алматыдағы Бас консул Джан Вэей барлық қатысушыларды қарсы алып, Қазақстан Қытайдың жақын көршісі болғандықтан «қытай тілі көпірі» байқауының маңыздылығы зор екенін атап өтті, сөз соңында байқауға қатысушылаға сәттілік тіледі.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Бүркітбаев Мухамбетқали Мырзабайұлы былай деп сөз сөйледі: Қытайдың «Бір белдеу бір жол» мен «Қазақстан 2050-Стратегиясы» екі ел жастарының қарым-қатынасын нығайта түсті, қазіргі таңда көп деген қазақстандық жастар қытай тілін үйренуде, Қытайдың бірнеше жоғарғы оқу-орындарында қазақ тілі мамандығы ашылған.  «Қытай тілі көпірі» байқауы қытай тілін үйренуге, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға керек байқау екендігін айтты.

Жалпы 2 кезеңнен тұратын байқауда студенттер мен оқушыларды қосқанда 23 қатысушы бақтарын сынады. Бірінші кезеңде сұрақ-жауап арқылы қытай тілінде жауап берді, сұрақта өзін таныстыру, қытай тарихы, мәдениеті мен географиясы туралы болды. Келесі кезеңде олар қытайша өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылырдың тартысты сайысын көрген көрермендер қол шапалақтап отырды.

Байқаудың соңында біздің институтымыздың қатысушылары қоржындарына студенттерден 2 екінші орын (Ғазизова Гүлдана мен Мырзабай Ақмарал), 1 үшінші орын(Омирзакоыва Диана), оқушылардан (Адильбекова Элмира, Кровицкая Анастасия мен Саматова Сая) 3-уі үздік қатысушы атақтарын жеңіп алды.