067dede3a3deb5b6b76fac91f9f4b64c FB-Icon-1024x1024 

你在這裡:   新聞ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институтының ұйымдастыруымен “Халықаралық Конфуцзы күніне” арналған мерекелік іс-шара.

欧亚大学孔子学院

 

档案

<< < 十一月 2017 > >>
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

hanyuqiao.gif

kaoshi.gif

cio.gif

everyday chinese

bkrs

 

Конфуцзы Институты Күні 2014 жылдан бастау алады, бұл мерекелік күн Конфуцзы Институтының 10 жылдығына орай құрылған. Бұл күні әлемнің 100 ден аса еліндегі Конфуцзы Институттары әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп, халыққа үлкен мерекелік кеш сыйлайды.

2016 жылдың 26 қыркүйек күні ұйымдастырылған іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры Сомжүрек Б. Ж., Қытай Халық Республикасының Қазақстан республикасындағы елшілігінің баспасөз және қоғамдық дипломаттық басқармасының жауапты өкілдері, қазақ-қытай біріккен кәсіп орын өкілдері және қытай тілін оқытушы мұғалімдері мен  оқушылары қатысты.

Іс – шара басында Конфуцзы Институтының өткен бір жыл ішіндегі оқу процесі мен іс-шаралар жиынтығы қысқаша ролик ретінде көрсетілді, сонымен қатар Сиань шетел тілдер университетінің Конфуцзы Институтындағы оқушылырының құттықтау ролигі де көрсетілді. Институттың өткеніне тамаша шолу мен құттықтау ролигін көрген қонақтар қол шапалақтады.  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры Б.Ж.Сомжүрек мырза бұл жолғы іс-шараға өз ризашылығын білдіріп, институттың қытай тілін оқыту мен екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол ЕҰУ жанындағы Конфуций инстутына қолдау көрсететіндігін білдірді. ҚХР елшілігінің бас елші Жан Ханхуйдің Конфуцзы күніне арнаған құттықтау сөзін халықтық дипломатия бөлімінің меңгерушісі Ли Гуан жеткізіп, барлық институт оқушы-мұғалімдеріне алғысын айтты. Ли Гуан оқушыларға қытай тілін жақсы үйреніп, екі ел арасындағы байланыс көпірі болуды айтып, ҚХР елшілігі институтқа бұдан былай да қолдау көрсететінін жеткізді. Қытай іскерлік өкілдері – Пекин Паластың басқару менеджері Сяо Гуйпинь мен Пекин Янь Гуан плазасының бас менеджері де құттықтау сөздерін жеткізді, олар Конфуций инстутының қытай тілін білетін мамандар даярлауда маңызды рөл атқаратынын айтты, және жақсы үйреніп шыққан студенттерді жұмысқа қабылдайтындарын жеткізді.    

Құттықтау іс-шарасында институт оқушылары өнерлерін көрсетті. Қытайдың дәстүрлі киімін киіп, желпуіш биін билегенде адамды тыныш әрі еркін егін алқабында жүргендей сезімге бөледі. Ал қазақтың домбрасымен күй шерткенде, жәйлаудағы бәйге аттың шабысы мен бұлақтан аққан судың сылдыры естілді, қазақ дәстүрлі музыкалық аспаптарының әсерлілігін көрсетті. Гитарамен бүгінгі түннің қастерлігіәнін айтып, көрерменді музыкаға балқытты, қытай тілінде ән салған институт оқушысының қытайша дыбыстау негізі жақсы екендігі байқалды.     

Бұл жолғы іс-шараның маңызды мазмұны Конфуцзы ашық есік күнімен байланысты болды. Бұл күні қытай тілін оқыту ашық сабағымен басталды, ҚХР Конфуцзы институтынан арнайы жіберген Бай Сюе мұғалім осы ашық сабақты ерекше етіп жүргізді, ол сабақты көңілді, қызықты, түсінікті және әрбір оқушыны сабаққа қатыстыра өткізді. Сабақ өте тамаша өтті. Сабақтан соң институттың қытай тарапы директоры Дең Иң ҚХР Ханбанның негізгі жобаларымен таныстырды (оқу гранты, жазғы лагер, қытай тілі көпірі жобасы), оқушылар бұны өте жоғары қызығушылықпен қабылдады. Осы жолғы таныстырудан кейін оқушылар көп деген мүмкіндіктің бар екенін білді және бұл олардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.  Халықаралық Конфуцзы күні өте қызықты өтті.